Бокс • 21 Мамыр, 2017

Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров алдағы жекпе-жекке дайын

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров «Delray beach boxing» залында жергілікті БАҚ өкілдеріне сұқбат беріп, жанкүйерлермен жүздесті.

Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров алдағы жекпе-жекке дайын

Бұл туралы боксшының PR менеджері Берік Сұлтан өз желі парақшасында жазды.

«Бүгін Delray beach boxing залында Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров жергілікті БАҚ өкілдеріне сұқбат беріп, жанкүйерлермен жүздесті. 27 мамыр күні Бока-Ратонда болатын жекпе-жектің алғашқы баспасөз мәслихатында боксшыларымыз жекпе-жекке тас түйін дайын екендерін айтты. Бұйыртса, 26 мамыр салмақ өлшеу рәсімі, 27 мамыр жекпе-жек. Бұл бокс кешін "Қазақстан" ұлттық арнасы мен "Қазспорт" тікелей эфирде көрсетеді", - деп жазған Қанат Исламның PR менеджері Б. Сұлтан.

Сондай-ақ ол: «Майк Тайсонның жаттықтырушысы болған белгілі бапкер Stacey McKinley бүгінгі баспасөз маслихатына арнайы қатысып, Қанат Исламның жұдырықтасу тәсілін ұнататынын айтып, қарсыласын тағы да мерзімінен бұрын ұтатынына сенемін деп, жекпе-жегінде жеңіс тіледі!» деп жазды өзінің фб әлеуметтік желі парақшасына.

Бұл ірі бокс кешінде орта салмақта WBO NABA және WBA Intercontinental тұжырымы бойынша белбеулер сарапқа салынады.

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»