27 Тамыз, 2011

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық пар­­тиясының Саяси кеңесі еліміздің көмір өндірісінің барлық жұмысшылары мен ардагерлерін кәсіби мерекесі – Шахтер күнімен құттықтайды!

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Осы сала Қазақстанның бүкіл экономикасының аса маңызды құрамдас бөлігі болып, еліміздің дамуы мен гүлденуіне зор үлесін қосып келе жатыр. Оның басты игілігі – бүкіл өмірін аса жауапты, қиын әрі қадірлі кәсіппен айналысуға арнаған адамдар. Мұндай азаматтарды Елбасымыз, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та зор мақтаныш тұтып, олар жайлы әрдайым үлкен құрметпен айтып отырады. Кеншілердің қажырлы әрі жанкешті еңбегіне еліміздің игілігі, қуаты мен абыройы, болашақ дамуы тікелей байланысты. Бүгінгі таңда көмір өндіруші компаниялар өз өндірісін жаңғыртып, көлемдерін көбейтуде және де дамыған елдердің ірі кәсіпорындарымен бәсекелестікке ұмтылуда. Осы саланың болашағы – шахтерлердің жас буыны да өсті. Сондай-ақ ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагерлерді де айрықша атап өту маңызды. Өмірін кеншіліктің қиын еңбегімен байланыстырған барша азаматтарымызға үлкен алғысымызды айтып, зор денсаулық, қажымас қайрат, еліміздің игілігі үшін істеп келе жатқан жұмыстарына табыс тілейміз!