Парламент • 23 Мамыр, 2017

Күн тәртібі талқыланды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Пар­ламент Сенаты бюросының отырысы болды. Он­да жоғарғы Палата отырысының күн тәртібі тал­қы­ланды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Күн тәртібі талқыланды

25 мамырда сенатор­лар Қазақстан мен Қыр­ғыз­стан елі арасындағы реад­миссия туралы үкі­мет­­аралық келісімді және осы келісімді іске асы­­ру тәртібі туралы ат­қа­ру хаттамасын рати­­фи­­кациялау туралы; Қа­­зақ­стан мен Ресей ара­сындағы темір жол көлігі кәсіп­орын­дары­ның, меке­мелері мен ұйым­дарының қызметін құқық­тық рет­теудің ерекше­ліктері ту­ралы үкіметаралық келі­сімге өзгерістер енгізу ту­ралы хаттаманы рати­фикациялау туралы заң жобаларын қарайды. Заң­намаға өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және қорғаныс пен әскери қыз­мет мәселелері бойын­ша түзетулер бірінші оқы­лым­да талқыланатын болды. 
Сенат отырысында елі­міздің Конституциялық Кеңесінің мүшесі Ұбай­дол­ла Стамқұловтың өкі­леттігін тоқтату туралы және Парламент Се­на­ты Төрағасының ұсы­ны­­сы бойынша Конс­ти­ту­циялық Кеңесінің мүшесі қызметіне  таға­­йын­дау туралы мәселе де қаралады.