Қазақстан • 23 Мамыр, 2017

Халықаралық байқаушылар қатары қалың

191 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтың төрағалық етуімен Комиссияның отырысы өтті. Онда 2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір аспектілері талқыланды.

Халықаралық байқаушылар қатары қалың

Сайлау туралы Консти­ту­ция­лық заңға сәйкес, халық­аралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқау­шы­ларын Қазақстан Респуб­ли­касы Сыртқы істер ми­нистрі және Орталық сайлау ко­мис­сиясының төрағасы шақырады. ОСК төрағасы Берік Имашев сайлау саласында екіжақты байланыс орнатылған шет мем­лекеттердің орталық сайлау органдары басшыларының атына шақыру хаттары жіберілгені жөнінде хабардар етті. ТМД Атқару комитетіне Сыртқы істер министрінің шақыруы жіберілді. Сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымынан, Түркітілдес мемлекеттердің ын­ты­мақтастық кеңе­сі­нен, Түркітілдес елдер­дің Парламенттік Ассам­блея­сынан, Ислам Ынты­мақ­тастығы Ұйымынан байқау­шы­ларды сайлауға шақыру жос­парланып отыр. 

ОСК басшысының атап өтуінше, қазіргі кезде ТМД Атқару комитеті ТМД Пар­ла­ментаралық Ассамблеясына, Ресей мен Беларусь одағының Парламенттік жиналысына, ҰҚШҰ Парламенттік Ас­самблеясына және Достас­тыққа мүше мемлекеттерге тиісті хаттар жіберіліп, ТМД-дан байқаушылар мис­сиясын қалыптастыру жұ­мыстары басталып кеткен. ОСК қаулысымен шет мем­лекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары үшін сауалдама мәтіні бек­тіліп, оларды аккредиттеуді жүр­гізу мерзімдері 2017 жыл­ғы 22 маусымға дейін бел­гіленді. Шет мемлекеттің, ха­лық­аралық ұйымдардың бай­қаушысына, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкіліне же­ке басын куәландыратын құ­жа­тын көрсеткен жағдайда аудармашы ілесіп жүре алады. Сонымен бірге, шетелдік бұқа­ра­лық ақпарат құралдарының өкілдері сай­лау­ды байқауды Қазақстан Сыртқы істер ми­нистрлігі берген аккредиттеу туралы куәлігі болған жағдайда жүзеге асырады. 
Екінші мәселе – 2017 жыл­ғы 28 маусымға тағайын­дал­ған Парламент Сенаты­ның депутаттарын сайлауда Парламент Сенатының депу­тат­тығына кандидаттың респуб­ликалық бюджет қара­жатынан жабылатын шығыс­тарының мөлшерлерін белгі­леуге қатысты болды. ОСК төр­ағасының орынбасары В.Фоостың атап өткенін­дей, «Қазақстан Республи­ка­сын­дағы сайлау туралы» Конс­ти­туциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекет кандидаттарға өз бағ­дар­ламаларымен бұқаралық ақ­парат құралдарына шығуы үшiн бiрдей қаражат бөлiнуіне ке­пілдік береді. 

Мысалы, республикалық бюджет қаражатынан сайлау комиссияларын ұйым­дас­тыру мен оның қызметiне, үй-жай­ды жалға алуға, iсса­пар шығыстарына, канди­дат­тардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөздерiне – әр кандидатқа теледидардан 15 минуттық сөз сөйлеуiне, ра­диодан 10 минуттық сөз сөй­леуіне және баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екi мақала жариялауына қаражат беріледі. 

Кандидаттардың сайлау алдындағы көпшiлiк шара­ларын өткiзуге және  канди­дат­тардың үгiт материалдарын (плакаттар, парақшалар (лис­товкалар), ұрандар мен өзге де үгіттiк баспа материал­дарын) шығаруға, кандидат­тардың Орталық сайлау ко­миссиясы белгiлеген мөл­шер­де көлiкке, сайлау комис­­сиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жай­­да орналастырылатын Пар­­ламент Сенатының депутат­­тығына кандидаттар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға жұмсаған шығын­дары жабылады. 

Жалпылай алғанда, Пар­ла­мент Сенаты депутат­тары­ның кезекті сайлауына рес­пуб­ликалық бюджеттен 92 млн теңге бөлінді. Республикалық бюд­жет қаражатынан қаржы­лан­дыру жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттарға арнап ашылған шоттары ар­қылы жүзеге асырылады. Бұл шоттарға түсетін бюджет қа­ра­жатына иелік етуді об­лыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, 
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Өлең құрастыратын кітап

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50