09 Желтоқсан, 2016

Елбасы Индонезия Президентіне көңіл айтты

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті Ачех провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Мемлекет басшысы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына және достас Индонезияның барша халқына көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.