Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Күршім ауданының Үшбұлақ ауылында жаңа мектеп ашылды. Еліміздің шалғай шекаралық шебінде жатқан елді мекендегі жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов қатысып, тұрғындарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. "25 жұлдызды күн" шарасы аясында ашылған 80 орындық жаңа мектептің биология, химия, физика пәндеріне арналған сыныптары мен зертханалары соңғы үлгідегі техникалық құралдармен жабдықталған және интерактивті тақтамен, компьютер сыныбымен қамтамасыз етілген. Мектеп құрылысына 240 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Чукаевтың айтуынша, Тәуелсіздіктің ширек ғасыры ішінде Күршім-Марқа өңірінде 16 жаңа мектеп бой көтерді.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады» деген сөзі бар. Яғни, Мемлекет басшысы атап өткендей, болашағымыздың жарқын болуы келешек ел тізгінін ұстайтын бүгінгі ұрпақтың еншісінде. Сондықтан, елімізде жас буынның білім алуына барлық жағдай жасалып отыр», – деді аудан басшысы. Үшбұлақ ауылының байырғы тұрғыны, тыл ардагері Мұхтархан Ақпышев кешегі заманнан бүгінгі күннің озғанын, Тәуелсіздіктің ел бағына берілген ерекше қастерлі құндылық екенін жеткізді. Соның бір жарқын көрінісі – үшбұлақтық балаларға білім беретін заманауи мектептің пайдалануға берілгені екенін айтып өтті ауыл ақсақалы.
1998 жылы құрылған Маралды ауылдық округінде Маралды,Үшбұлақ, Қыстау-Күршім атты үш елді-мекен бар. 1 жарым мыңнан астам адам тұратын округте 9 серіктестік пен 45 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Думан АНАШ, "Егемен Қазақстан"
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2016
Шығыс Қазақстанның Үшбұлақ ауылында мектеп ашылды
Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше