Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Ресейдің ұлттық павильонының комиссары, РФ өндіріс және сауда министрінің орынбасары Георгий Каламановпен кездесті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Кездесу барысында екі жақ ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру мәселесін талқылады. А. Есімов Ресей тарапын көрмеге дайындық жұмыстарымен және халықаралық қатысушыларды тарту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.
Өз кезегінде, Г. Каламанов Астана қаласында өтетін халықаралық көрмеде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша өздерінің технологияларын көрсету мүмкіндігі үшін ризашылығын білдірді.
«Қазіргі таңда Ресейдің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы туралы барлық мәселелер шешілді. Айталық, қатысу тұжырымдамасы әзірленді, бюджет қалыптастырылды, павильонды толтыратын сараптама кеңесі құрылды, ЭКСПО-ға қатысуға байланысты бірқатар ұйымдастыру жұмыстары атқарылды. Ресейлік компаниялар бұл үдеріске қосылуға әзір. Көрме тақырыбы біз үшін өте маңызды. Сондықтан барынша аянып қалмауға тырысамыз», - деді Ресей ұлттық секциясының комиссары.
Ұлттық компанияның хабарлауынша, кездесу соңында РФ павильонын тапсыру бойынша құжаттарға қол қойылды. Павильон аумағы - 1 008,6 шаршы метрді құрайды. Ресей делегациясының келісімі бойынша келесі жылдың қаңтар-ақпан айларында павильонның экспозициясын безендіру жұмыстары басталады.
Еске сала кетейік, бүгінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым қатысатындығын растады.
• 15 Желтоқсан, 2016
Ресей ЭКСПО-2017 көрмесіндегі павильонын алды

«Талдау» ұлттық зерттеулер орталығының сарапшылары конституциялық жаңашылдықтарды талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:45
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 18:30
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Әдебиет • Бүгін, 18:07
Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Бүгін, 18:02
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
Бизнес • Бүгін, 17:51
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?
Медицина • Бүгін, 17:34
«Странджа кубогі»: Бүгін 19 боксшымыз күш сынасады
Спорт • Бүгін, 17:30
Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 17:25
Атырауда цифрландыру және архивтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:14
Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
Үздік IT-мамандар жүлде қоры 3 млн теңгелік чемпионатта бақ сынайды
Оқиға • Бүгін, 16:50
Атырауда бір жылда 92,5 мың балаға тегін стоматологиялық көмек берілді
Медицина • Бүгін, 16:40
Сербия Президенті Астанаға ресми сапармен келді
Саясат • Бүгін, 16:30
Шығыста экспорттық жүк тасымалы артты
Экспорт • Бүгін, 16:25