Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында белгілі саясаткер, сенатор, саяси ғылымдар докторы Ақан Бижановтың «Уроки эпохи» атты кітабы жарық көрді. Бұл еңбекке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ширек ғасыр ішінде мемлекеттілікті қалыптастырудағы тарихи рөлі, мемлекеттік және әлеуметтік-саяси құрылыс мәселелері арқау болған.
Кітаптың бірінші тарауында топтастырылған материалдарда бүкіл әлемге «қазақстандық даму жолы» деген атпен танылған мемлекеттілік орнату үдерістері жайында егжей-тегжейлі баяндалады. Автор өз еңбегінде биік белестерге бастаған дамудың осы үлгісі Елбасының стратегиялық көрегендігінің және саяси көшбасшылығының жемісі екендігін атап өтеді.
Қазақстандағы парламентаризм институтына арналған екінші тарау теориялық және танымдық тұрғыдан өте тартымды. Ақан Құсайынұлы қазіргі отандық парламентаризмнің тарихи тамырларын ашып көрсетеді, оның бүгінгі жай-күйіне, даму перспективаларына, парламентаризмнің қоғам өміріндегі рөліне талдау жасайды, парламенттік дипломатияның негізгі бағыттары туралы баяндайды.
Үшінші тарауда автордың іс үстіндегі саясаткер әрі заң шығаруға тікелей қатысы бар депутат ретінде өзі етене араласып келе жатқан әлеуметтік-экономикалық саясаттың өзекті мәселелеріне байланысты ұстанымдары көрініс тапқан. Бұл ретте реформалардың әлеуметтік-саяси қырлары, мемлекеттің, бизнестің және азаматтық қоғамның өзара байланысының мәселелері, Мәдени саясат тұжырымдамасы, азаматтардың рухани тәрбиесі сияқты проблемалар тілге тиек етілген. Осы іргелі тақырыптар автор өзі ерекше сезіммен қарайтын Алматы қаласының тарихы мен даму жолдарымен үйлестірілген.
Тұтастай алғанда, кітап талдамалық-тағылымдық, қолданбалы және ғылыми сипатта жазылған. Мақалаларда тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы барлық кезеңдер, сан қырлы, күрделі әлеуметтік-саяси, ғылыми-мәдени және құқықтық үдерістер қамтылған. Автор Президент Н.Ә.Назарбаевтың салмақты да салиқалы басшылығымен табысты жүзеге асып отырған әлеуметтік және мемлекеттік құрылыстың ерекшеліктерін ашып көрсетіп, Қазақстанның өзіндік келбетін айқындайтын президенттік бағдар тұрғысынан бұдан былайғы даму бағыттарына тоқталады.
Жалпы алғанда, кітап қалың оқырманға, сарапшы-ғылыми жұртшылыққа және мемлекеттік қызметшілерге, тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы қызықтыратын барша қауымға арналған.
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан»

«Талдау» ұлттық зерттеулер орталығының сарапшылары конституциялық жаңашылдықтарды талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:45
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 18:30
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Әдебиет • Бүгін, 18:07
Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Бүгін, 18:02
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
Бизнес • Бүгін, 17:51
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?
Медицина • Бүгін, 17:34
«Странджа кубогі»: Бүгін 19 боксшымыз күш сынасады
Спорт • Бүгін, 17:30
Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 17:25
Атырауда цифрландыру және архивтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:14
Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
Үздік IT-мамандар жүлде қоры 3 млн теңгелік чемпионатта бақ сынайды
Оқиға • Бүгін, 16:50
Атырауда бір жылда 92,5 мың балаға тегін стоматологиялық көмек берілді
Медицина • Бүгін, 16:40
Сербия Президенті Астанаға ресми сапармен келді
Саясат • Бүгін, 16:30
Шығыста экспорттық жүк тасымалы артты
Экспорт • Бүгін, 16:25