16 Желтоқсан, 2016

Ержан қажы Малғажыұлы. Тәуелсіздік – Алланың берген сыйы мен нығметі

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Құрметті бауырлар, қадірлі отандастар! Баршаларыңызды Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырға татыған 25 жылдық торқалы тойымен құттықтаймын! Расында, біз кешегі аумалы-төкпелі заманда қиындыққа төзіп, сынаққа сабыр етіп, азаттықтың ақ таңын атырған халықпыз. Сондықтан да, Тәуелсіздік – ұлтымыз үшін ұлы ұғым, қастерлі сөз. Ата-бабаларымыздың асқақ арманы мен өр рухының, иманға берік мұсылмандығының арқасында келген Тәуелсіздік – Алланың бізге берген сыйы һәм нығметі. Аллаға сансыз шүкірлер айтамыз. Егемендігімізбен бірге дініміз де өркендеп, елімізде еңселі мешіттер мен медреселер бой көтерді. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Дендеріңізге саулық, күш-қайрат, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Ел игілігі мен халқымыздың болашағы жолындағы жұмыстарыңыз берекелі болсын. Тәуелсіздігіміз баянды, дұғамыз қабыл, мұратымыз асыл болғай! Әумин! Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти