Еліміз үлкен бір белестен өтті. Ғасырлар бойы армандаған жақсы күнге де жеттік. Қазір біздің тәуелсіздігімізге татулығымыз, ауызбіршілігіміз тірек болып тұр. Біз құт қонған халықпыз!
Елбасымыздың баршамызды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтау жиынына ортақтасып қайттық. Мұндай тарихи салтанатқа куә болу – баршаға бұйыра бермейтін бақ.
Бүкіл еліміздің жүріп өткен жолы, күрделі де қиын жылдар, жетістіктеріміз бен табыстарымыз көз алдымда тізіліп, тебіреніп отырдым. Шынын айту керек, Елбасымыз өзінің елін халықаралық аренада абыройлы дұрыс жолмен алып келеді. Жер бетін шарпып жатқан түрлі кесапаттардан да мықты саясатының арқасында арашалап, халқын аман сақтап отыр. Ел азаматтарына Алла абырой мен қуат берсін!
Тәуелсіздіктің 25 жылы – біздің буынның уақыт өлшеміне сыймайтын теңдессіз ерлігі. Осы мерейтойлық жылда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануының символдық мәні бар. Парламент Тәуелсіздіктің 25 жылдығы декларациясы біздің ұлы жетістіктеріміз бен жеңісімізді айшықтаған маңызды саяси-құқықтық құжатқа айналды, деді Қазақстан Президенті.
Мемлекетіміздің басшысы атап өткендей, біздің байлығымыз – тату халқымыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық ұлтты қанатының астына алып, басын біріктіре білді. «Ең бастысы, кез келген адам «Мен – қазақстандықпын, бұл – менің елім, мен мұнда бақытымды таптым!» деп айта алатын әділетті қоғамды орнаттық», деп отыр ғой.
Расында осы жиынның өзінде отандастарымыз ұлтқа бөлінбей, қауқылдасып қауышып, ризашылықпен бірін-бірі құттықтап, қуанып жүрді. Бәрі де Қазақстанымыз аман болсын, тыныштық болсын деп тілеп отыр. Осы жеткен жетістіктерімізді одан әрі шегендеу үшін де бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, алға жүруіміз керек. Жастарымыз арандатулардан, теріс пиғылды топтардан аулақ болса екен.
Осы жиынның өзінде халқымыздың әл-ауқатын жақсартатын өте жақсы жаңалықтар жария болды. Естіген елдің көңіл күйі көтеріңкі. Жәрдемақы, зейнетақы көлемі артады.
Жастарымыз да қалаған елінде қалаған оқуын оқып, халықаралық деңгейде білім алып жатыр. Заманы қандай өнермен айналысамын десе де мүмкіндік туғызып беріп отыр. Бизнеске барамын дегендеріне де жол ашық. Мемлекет көптеген бағдарламалар жасап, мұның да жолын жеңілдетіп отыр.
Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА,
КСРО халық артисі

Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Бүгін, 18:02
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
Бизнес • Бүгін, 17:51
Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?
Медицина • Бүгін, 17:34
«Странджа кубогі»: Бүгін 19 боксшымыз күш сынасады
Спорт • Бүгін, 17:30
Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 17:25
Атырауда цифрландыру және архивтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:14
Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
Үздік IT-мамандар жүлде қоры 3 млн теңгелік чемпионатта бақ сынайды
Оқиға • Бүгін, 16:50
Атырауда бір жылда 92,5 мың балаға тегін стоматологиялық көмек берілді
Медицина • Бүгін, 16:40
Сербия Президенті Астанаға ресми сапармен келді
Саясат • Бүгін, 16:30
Шығыста экспорттық жүк тасымалы артты
Экспорт • Бүгін, 16:25
БЖЗҚ активтерінің тиімділігі: Жинақталған кіріс 14 трлн теңгеге жуықтады
Қоғам • Бүгін, 16:20
Әмірліктер неге биткоин монеталарын сатпай, сақтап отыр?
Қаржы • Бүгін, 16:11
Қазақ сарбазы халықаралық байқауда жеңіске жетті
Өшпес даңқ • Бүгін, 16:08