Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жетістіктер мен жеңістердің 25 жылы» атты мерекелік концертке қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Концертте қазақтың халық әндері мен билерінен бастап, әлемдік классика туындыларына дейінгі түрлі жанр көрермен назарына ұсынылды.
Мерекелік кешке әлемдік сахна төрінде еліміздің атын әйгілеп жүрген Қазақстанның беткеұстар өнер майталмандары қатысты. Атап айтқанда, олардың арасында Айман Мұсақожаева, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Бекболат Тілеухан, Майра Мұхамедқызы, сондай-ақ «Астана Опера» опера және балет театрының, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының, «Астана Балет» театрының шығармашылық топтары бар.
Ұрпақтар сабақтастығының символы ретінде еліміздің бір топ талантты жас музыканттары, халықаралық конкурстардың лауреаттары, Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері, түрлі өңірлерден келген би ансамбльдері де сахна төрінде өз өнерлерін көрсетті.

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше