Қазақстанның басым бөлігінде астмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерге қар жауып, оңтүстік өңірлерге қар қалың түсуі ықтимал. Тек батыс пен солтүстік-батыста ғана қар жаумайды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.
Еліміздің бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Алматы облысында желдің күші күндіз секундына 17-22, Жалаңашкөл аймағында 20-25 метрге дейін жетеді.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 метр/секундты құрайды.
Батыста 30 метр/секундқа дейін жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында желдің күші секундына кей жерлерде 15-20 метрге дейін барады.
Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, көктайғақ, болады. Желдің күші секундына 23-28 метр.
Павлодар облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Қарағанды облысында төменнен бұрқасындатып, тұман, көктайғақ болады. Желдің ұйытқуы секундына 15-20 метр.
Қызылорда облысында да тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола облысында бұрқасындатып, жел 15-20 метр/секундқа дейін күшейеді.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.