16 Желтоқсан, 2016

Google елімізді Тəуелсіздік мерекесімен құттықтады

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16-12-16-kazakstan

Əлемдегі ең ірі іздеу жүйелерінің бірі – Google жүйесі бүгін негізгі бетін Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Google» деген жазба көк түске боялып, жазудың ортасына Алматы қаласында орналасқан «Алтын адам» – Тəуелсіздік монументінің суреті салынған. Осылайша, ғаламтордағы ең ірі платформалардың бірі Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігіне құрмет танытты. Айта кетейік, тура екі жыл бұрын, 2014 жылдың 15 желтоқсанында, Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында қазақ тілі күніне 500 миллион адам қолданатын әлемнің ең танымал автоматты аударма қызметі – Google аударма жүйесіне қосылған болатын.