16 Желтоқсан, 2016

Шымкенттің бюджеті 25 жылда 110 есеге артқан

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16-12-16-kala

Шымкенттің бюджеті тәуелсіздік жылдарында 110 есеге өсті. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов айтты, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Брифинг барысында шахар басшысы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен Шымкенттің Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері туралы айтқан. Қала басшысының мәліметіне сүйенсек, экономика саласы бойынша қала бюджеті 1994 жылы 1,0 млрд теңгені құраса, бүгінде 110,0 млрд теңгеге артқан. Қала экономикасына салынған инвестициялар 459,0 млн теңгеден 200,0 млрд теңгеге өскен. "Егемендігіміздің алғашқы жылдары Шымкентте 400 мың халық болса, қазір олардың саны 902 мыңнан асты. Қала аумағы 13 мың гектардан 117 мың гектарға ұлғайды. 25 жыл ішінде 3 965,0 мың шаршы метр жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді", – деді қала әкімі. Сондай-ақ, ол сөзінде бүгінде Шымкенттің бизнес үшін өте қолайлы қалаға айналғандығын атап өтті. Қала аймағында 75 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, осы салада 136 мың адам жұмыспен қамтылған.