16 Желтоқсан, 2016

Шымкенттің оқушылары «I Love Astana» сөзін бейнеледі

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16-12-16-astana

Шымкентте Тәуелсіздік күніне орай Назарбаев зияткерлік мектебінің 500 оқушысы флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Жиналған оқушылар саппен «I Love Astana» сөзін құрастырып, Елордамызға деген ыстық ықыластарын білдірді. Бүгінде дарынды жастар қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, өз қолдарымен жасаған тәттілер мен кәдесыйларды сатты. Түскен қаржыға аз қамтылған отбасылардан шыққан 5 балаға Астанада жаз мезгілінде өтетін «ЭКСПО» көрмесіне жолдама алып берді.