16 Желтоқсан, 2016

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің конвенциясы Астанада өтеді

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16-12-16-boks

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) келесі жылғы конвенциясы Астана қаласында өтеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстан, 2017 жылда көріскенше. WBC жыл сайынғы 55-ші конвенциясы», - делінген ұйымның Твиттердегі ресми парақшасында. АҚШ-тың Флорида штатында өткен Бүкіләлемдік бокс кеңесінің 54-ші конвенциясында Астана қаласы кезекті отырыстың қаласы ретінде таныстырылған болатын. Конвенцияны ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өткізу жоспарланған. Айта кетейік, Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) конвенциясы жыл сайын өтіп тұрады. Оған аталған кеңестің чемпиондары мен әлемдік бокс жұлдыздары қатысады. Сол жерде жылдың үздік боксшылары марапатталады. Мәселен, биылғы конвенцияда WBA (Super), IBO, WBC және IBF бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Келл Брукпен өткізген жекпе-жегі үшін арнайы сыйлыққа ие болып, ең доминантты боксшы ретінде танылды. Бұдан бөлек, оның есімі Гиннестің рекордтар кітабына жазылды. Головкин осы марапатқа ең үздік нокаутер ретінде ие болып отыр.   GGG-мен бірге ұйымның салтанатты жиынына Мигель Котто, Роман Гонсалес, Виталий Кличко, кіші Рой Джонс, Эвандер Холифилд сияқты ұйымның чемпиондары мен бокс жұлдыздары қатысты.