16 Желтоқсан, 2016

Дәурен Абаев: XXI ғасыр қазақтың алтын ғасыры болғай

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16-12-16-abaev

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Фейсбуктағы парақшасында Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады. «Ардақты ағайын! Баршаңызды ұлы мереке – Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл - ширек ғасыр ішіндегі іргелі істерді қорытындылайтын мерейлі сәт. Осынау жылдар ішінде Қазақ елі Елбасының басқаруымен талай белден, талай асудан асты. Жоғымызды түгендеп, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырттық. Мемлекеттік тіліміз төрге озды. Әлем таныған берекелі де мерекелі ел болдық. Осының бәрі – ең алдымен қастерлі Тәуелсіздіктің арқасы» – деді ол. Одан бөлек министр: «Баршаңызды ұлы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін! XXI ғасыр қазақтың алтын ғасыры болғай!» деген ізгі тілегін білдірді.