Еліміздің Тәуелсіздік күніне орай Қырғызстандағы Қазақстанның елшілігінде ресми қабылдау ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бішкек қаласындағы «Ала-Тоо» мейрамханасында өткен аталған іс-шараға Қырғызстандағы дипломатиялық корпус, аккредиттелген халықаралық ұйымдар, заң шығарушы және атқарушы билік, ғылыми және шығармашылық зиялылары қатысты. Шара Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды. Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Айымдос Бозжігітов келген қонақтарды жылы қарсы алды. «Қазақстан өткізіп жатқан әлеуметтік және экономикалық реформалардың арқасында бүгінде әлемнің дамыған 50 елінің құрамына кіріп, бәсекеге қабілетті және толыққанды мемлекет ретінде мойындатып келеді. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының көмегімен өзінің дара жолын таңдап, үлкен жетістіктерге жетуде. Тұрақты даму, этникааралық және конфессияаралық түсіністік пен толеранттылықтың бірегей моделі Қазақстанның халықаралық бренді болып табылады», – деді А. Бозжігітов. Сөз барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Орталық Азия елдерін ядролық қарудан азат ету туралы бейбіт және интеграциялық бастамалары айтылды. Қазақстандық дипломат Қарғызстанмен жоғары деңгейдегі мемлекетаралық екіжақты қарым-қатынас пен болашақта оны ары қарай дамыту әрі нығайту керектігін атап өтті.• 16 Желтоқсан, 2016
Қырғызстанда Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған қабылдау өтті
Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше