19 Желтоқсан, 2016

Мадридте Санта-Клаустардың жарысы өтті

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Испания астанасы Мадридте Санта-Клаустардың жарысы өтті, деп хабарлайды Хабар24. Оған елдегі еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін қатысқан. Ұйымдастыраушылардың айтуынша, Санта-Клаустар жарысына шамамен 10 мың адам жиылған. Олар шаһардың орталық көшесінің бойымен 6 шақырым жерді жүгіріп өтті. Шараны Еуропадағы ең ірі сауда үйлерінің бірі ұйымдастырған. Ал одан түскен қаржы есте сақтау қабілетінен айырылған науқастарды емдеуге жұмсалатын болады.