19 Желтоқсан, 2016

Осы аптада мұнай бағасына әсер ететін факторлар

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жұма күні мұнай бағасы нарықты "плюспен" жапты. Бұл өз кезегінде мұнай экспорттаушы елдердің 10 желтоқсандағы келісімнің шарттарын орындауға дайын екендігін білдіреді.  Өткен апта соңы Лондон қор биржасындағы мұнай бағасы 1,19 долларға қымбаттап, барреліне Брент мұнайы 55,21 долларға жетті. Ал жалпы апта ішіндегі көрсеткіш бойынша баға 88 центке көтерілген.
Жалпы, ОПЕК+ (ұйымға кіретін және кірмейтін елдер) келісімін орындауға Ресей мен Кувейт дайын екендіктерін бірінші болып білдірді.
Ал АҚШ пен Ливиядағы жағдай, яғни ондағы өндірістің көбеюі мұнай бағасын төмен тартып тұр. Алдағы аптада мұнай бағасына әсер етеді деген бірқатар фактор бар. 20 желтоқсанда Американдық мұнай институты АҚШ мұнай қоры бойынша апталық есебін жариялайды. 21 желтоқсанда АҚШ энергетикалық басқармасы мұнай мен жанармай қоры туралы апталық мәліметті ұсынады. 23 желтоқсанда Baker Hughes АҚШ-тағы бұрғылау қондырғыларының санын жариялайды.