19 Желтоқсан, 2016

Германия Фейсбукті жалған ақпаратпен ақша табады деп айыптайды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Германияның әділет министрі Хайко Маас Facebook-ті жалған ақпараттың көмегімен қыруар табыс тауып отыр деп айыптады, деп хабарлайды Bild am Sonntag басылымы. Берлин бұған дейін де әлеуметтік желінің жалған ақпаратқа тұсау қоймағанын айтқан болатын. Маастың айтуынша, әділет органдары әлеуметтік желідегі ақиқатты анықтауы үшін жұмыс істеуі керек. Ертеректе елдің әділет министрлігі аталған компанияның жалған ақпаратты таратпау тетігін қарастыруға мәжбүрлеу керектігін мәлімдеген еді. Өз кезегінде Facebook басшылығы жалған ақпаратпен күрестің жаңа тетігін қабылдағанын айтып отыр.