19 Желтоқсан, 2016

Түркияның үздік фильмдері елордада тегін көрсетіледі

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада «Түрік фильмдері апталығы» басталды. Қазақстан Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тойына бауырлас ел тарту жасап, халықаралық кинофестивальдерде жоғары бағаланған, көрермен талғамынан шыққан үздік фильмдердің көрсетілімін ұйымдастырып отыр. 19-22 желтоқсан аралығында өтетін шараға орай, ұйымдастырушылар арнайы брифинг өткізді. "Түркия халқы атынан қазақ халқына, Түрік әлемінің ақсақалы Нұрсұлтан Назарбаевқа зор құрметімізді, сәлемімізді жеткізгім келеді. Түпкі отанымыз Қазақстанды Тәуелсіздіктің 25 жылдық тойымен құттықтаймын! Қиямет күніне дейін егемен ел болуларыңызды тілеймін! Астанада бір апта бойы көрсетілетін фильмдер екі бауырлас елдердің арасындағы достық пен ынтымақтастықтың артуына ықпал етеді деп сенемін. Киносүйер қауымның баршасын шақырамын," - деді Түркия Республикасы Президентінің кеңесшісі Ялчын Топчы. Ол алдағы уақытта Анкарада Қазақстан фильмдерінің апталығы өтеді деп деп үміт білдіретінін жеткізді. Түркияның үздік фильмдері елордадағы «Керуен» сауда орталығындағы «Кинопаркте» көрсетілетінін айта кетейік. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»