19 Желтоқсан, 2016

Шорт-тректен тағы бір отандасымыз алтын алды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогының кезеңінде қазақстандық Нұрберген Жұмағазиев 1000 метрге жүгіруде алтын медаль алды, деп хабарлайды BAQ.kz.
Күміс пен қоланы канадалық спортшылар Паскаль Дион мен Патрик Даффи иеленді. Бұл - Жұмағазиевтің әлем кубогында иеленген алғашқы медалі. 14 қарашада Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен әлем кубогының кезеңінде тағы бір қазақстандық Абзал Ажғалиев 500 метрге жүгіруде жеңіске жеткен болатын. Бұл кезеңде қазақстандық Денис Никиша 500 метрге жүгіруде күміс медаль алды. Алтынды қытайлық Ву Дажинг, қоланы оңтүстік кореялық Хан Сионг Соу иеленді. Қазақстан шорт-трек құрамасы енді 29 қаңтар-8 ақпанда Алматыда өтетін Қысқы универсиадаға қатысады.