19 Желтоқсан, 2016

Сарапшылар 2017 жылдың басты киберқатерлерін атады

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонның компьютерлік қауіпсіздік жүйесін дайындайтын Trend Micro компаниясы 2017 жылдың басты киберқауіптерін атады, деп хабарлайды kommersant.ru.

«Алдағы жыл киберқауіпсіздіктің жаңа деңгейге көтерілетін уақыты. 2016 жылы киберқылмыскерлер өздерінің шеберліктерін арттырып, кибершабуылдардың түр-түрін меңгеріп алды. Онлайн бопсалаудың жаңа түрлері ірі корпорацияларға үлкен қауіп төндіруде», - деп жазады аталған компанияның баспасөз қызметі.

Жалпы, 2017 жылы "интернет дүниелер" мен "өнеркәсіптік интернет дүниелерге" саналы түрде үлкен шабуылдар жасалуы ықтимал. Бұл тұрғыда ірі корпорациялардың "жанды жерлері", соның ішінде корпоративті жүйелер киберқылмыскерлер үшін үлкен мүмкіндік көрінеді.

Сарапшылардың айтуынша, Apple мен Adobe өнімдерінің иелері аталған қылмыстардан сақтандырылмаған.

«2016 жылы Apple компаниясының әлсіз тұстары көптеп анықталды. Бір жыл ішінде 50 шақты әлсіз тұстары белгілі болды. Ал Adobe өнімдері үшін бұл көрсеткіш 135, Microsoft  өнімдерін бұзу де хакерлер үшін бұйым емес. Компания өнімдерінің 76 жерінен әлсіздік байқалды», — делінген баяндамада.