19 Желтоқсан, 2016

Ақмола облысында жаңа май зауыты ашылды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақмола облысының Зеренді ауданында өсімдік майы шығарыла бастады, деп хабарлайды Хабар24. Гранитный елді мекенінің жанынан ашылған жаңа май зауыты тәулігіне 120 тонна шикізатты өңдеп, одан 40 тонна өнім өндіре алады. Жобаның жалпы құны – 900 млн теңге. Қазір онда маңайдағы ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылған. Зауыт бүгін ресми түрде ашылып, алғашқы өнімдер де бүгін тұтынушыға жол тартады.