19 Желтоқсан, 2016

Иран президенті Қазақстанға келеді

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Иран президенті Хасан Рухани өзінің жаңа аймақтық турнесі аясында Армения, Қазақстан және Қырғызстанға келеді, деп хабарлайды Pars Today. «Иран президенті Хасан Рухани көршілес және аймақтық елдермен ынтымақтастықты тереңдетіп, байланысты нығайтуға бағытталған саясатты жалғастыру барысында сәрсенбі күні 21 желтоқсанда Армения президентінің арнайы шақыртуымен Ереванға барады», - деді жексенбі күні Мемлекеттік телерадио журналистерімен сұхбатында Иран ИР президент әкімшілігі, байланыс және ақпарат бөлімі басшысының орынбасары Парвиз Исмаили. Сонымен бірге, Парвиз Исмаили Руханидің Қазақстан елордасы - Астанаға баратынын, онда екі ел президенттерінің келіссөздерінен бөлек, жоғары лауазымды делегациялар отырысы мен ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қою, Иран президентінің баспасөз конференциясы болатынын атап өтті.