19 Желтоқсан, 2016

Қастандық жасалған Ресей елшісі қайтыс болды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
andrey-karlov Анкарада қастандық жасалған Ресей елшісі Андрей Карлов қайтыс болды. Ақпаратты Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова растады. Бұл жөнінде Ресейдің lenta.ru интернет-басылым хабарлайды. Захарованың айтуынша, Мәскеу аталған оқиғаны террорлық акт деп бағалайды. «Ресей Федерациясы елшісінің Түркияда өлтірілуі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің алдына қойылатын болады» деді ол. Сонымен қатар ол Түркияның ресейлік дипломатқа қастандық ұйымдастырушыларды жазалауға уәде бергенін айтты. Бүгін Анкарада Замануи өнер галереясында «Ресей түріктердің көзімен» атты фотокөрмеге қатысып, сөз сөйлеп жатқан Ресей елшісі Андрей Карловқа оқ атылған болатын. Артынша, қастандық жасаған адамды түрік полицейлері атып өлтіргені хабарланды. Lenta.ru хабары бойынша, 62 жастағы Карлов Ресейдің Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып 2013 жылы тағайындалған. bandit strelok

Фото АР