Небәрі 25 жылдың ішінде Қазақстан әлемнің бірқатар елдерінің 100 жылда қолы жетпеген, арманына айналған даму деңгейіне көтерілді. Кешегі Қазақстан қандай еді, бүгінгі Тәуелсіз елім қандай?! Республикамыздың егемендік алған жылдардағы жасаған қарышты қадамы бәрімізге белгілі. Әрбір іс-әрекеті көз алдымызда өтті. Барлық сала бойынша еліміздің жеткен табыстарына куәміз. Басқаға бармай-ақ, спорт саласындағы қазақ сайыпқырандары бағындырған биіктері туралы айтсақ та жеткілікті.
Кешегі кеңестік заманда күш-қуаты тасып, шеберлігі асып тұрса да менің қандастарымның әлемдік әр деңгейдегі жарысқа шығуға жолы бола бермеді. Тәуелсіздік алған жылдары еліміздің спортшылары тарихта бұрын-соңды болмаған жеңімпаздық марапаттарды иеленіп, қаншама дүниежүзілік жарыстардың жұлдызы атанды. Әсіресе, еліміздің жастары Олимпиада ойындарында өз орнын мықтап айқындап алды.
Елбасымыз – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасында бейбітшілік елшісіне айналған спортшыларымыз туралы тебірене сөйлеуі де тектен-тек емес. Ел спортшыларының атынан сөз алған Олимпиада чемпиондары – Дмитрий Баландин мен Данияр Елеусіновтің сөзіне Елбасымыз да, жиналған халық та зор зейін қойды. «Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Өзіңіздің «Алға, Қазақстан!» деген сөзіңізді еліміздің ресми ұранына айналдыру ниетіміз бар. Бұл барша қазақстандықтардың мәңгілік ұранына айналар еді», деді сонда Олимиада жеңімпаздары.
Мерекелік жиынға қатысушылар қошемет танытып, Елбасымыздың өзі Даниярдың атын атап, бұл ұранды қолдайтынын білдіріп, ризашылығын айтты.
Осының өзі болашағы жарқын жас мемлекетіміздің спортта ғана емес, еліміз дамуының барлық саласында үнемі алда болатынын меңзегендей. Ендеше, Алға, Қазақстан!
Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ,
Мәскеу Олимпиадасының чемпионы
АЛМАТЫ

Қазақстан Ресейден электр энергиясын сатып алудан бас тарта ма?
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Куба шекарасындағы атыстан 4 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 10:33
Астанада аяз күшейді: Екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 10:25
«Ресейге қайтуды жоспарлап отырмын»: Әзілкеш Нұрлан Сабуров Пхукетте концерт берді
Қоғам • Бүгін, 10:11
Боранға байланысты қай жолдар жабылды?
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Алматыда есірткінің ірі көлемін саудалағандар ұсталды
Заң • Бүгін, 09:50
Су қоймаларының құрылысы қалай жүріп жатыр?
Қоғам • Бүгін, 09:42
Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Цифрландыру дәуірінде балалардың көзін қалай қорғауға болады?
Балалар • Бүгін, 09:17
Конституцияда адам капиталы – негізгі басымдық
Саясат • Бүгін, 09:00
Көлік саласындағы келелі істер
Саясат • Бүгін, 08:55
Пікір • Бүгін, 08:50
Инфляция: Қатаңдық емес, икемділік керек
Экономика • Бүгін, 08:45