23 Желтоқсан, 2016

Макаомен визасыз режим енгізілуі мүмкін

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Макаомен өзара визасыз режим енгізуді қарастырып жатыр, деп хабарлайды Хабар24. Бұл туралы Гонконг пен Макаодағы Қазақстанның бас консулы Ануарбек Арғынғазин айтты. Оның сөзінше, арнайы әкімшілік ауданының кәсіпкерлері қазір Қостанай мен Шымкентте сабан өңдеп, экологиялық таза өнім шығаратын екі зауыт салмақ. Инвестициялық жоба сәтті жүзеге асса, 400 адамға жаңа жұмыс орны ашылады. «Келесі жылы үлкен бір-екі зауыт салғымыз келеді. Оның бірі Қостанай облысында, біреуі Оңтүстік Қазақстан облысында. Бұлардың инвестициясы қазір келесі жылы көбейе түседі, біз сол Бас консулдықтың жұмысы осы екі қаланың бизнестерін, осы екі қаланың саясаткерлерін, осы екі қаланың үлкен үлкен компанияларын елге апарып инвестиция жасату», – дейді Қазақстанның Гонконг пен Макаодағы бас консулы Ануарбек Арғынғазин.