Алматыда «Венгрия ғылымының мерекесі» атты көрме ашылды
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музей мен Қазақстан Республикасындағы Венгрияның Бас консулдығы арасында орныққан ынтымақтастық ұзақ жылдар бойы жалғасып келеді. Бірлесіп атқарылған көп жұмыстардың бірі де бірегейі – музей жүзеге асырып жатқан «Кейкі батыр» жобасы. Енді міне, музей мен консулдық бірігіп «Венгрия ғылымының мерекесі» атты көрмені ашты.
Бұл көрме Венгрия ғылым академиясының құрылғанына 225 жыл толуына орай әрі Венгрия ғылым академиясының негізін қалаушы Иштван Сеченидің туғанына 225 жыл толуына орай басталды.
Шараның салтанатты ашылуында Венгрияның Бас консулы Ференц Блауманн мырза:
– Граф Иштван Сечени 1830 жылы Венгрия ғылыми қоғамын құрды, ол кейіннен Венгрия ғылым академиясы деп қайта аталды. Венгр ғалымдарының ашқан мыңдаған жаңалығының кейбірін мысалға келтірсек: автоқалам, сіріңке, электрлік локомотив, электрлік есептеуіш, көшірме машинасы, керосин шамы, түрлі-түсті теледидар, сұйық газ, синтетикалық қан, атом энергиясы, камера, тікұшақ, Microsoft Word, Excel, орталық телефон, трансформатор, автомобиль қозғалтқышының маңызды бөліктері, кубик-рубик, компьютер, С дәрумені 17 венгр ғалымының Нобель сыйлығына ие болуы да кездейсоқ емес. Венгр ғалымдарының жетістіктері жайлы ұзақ айта беруге болады. Бірақ бүгін Сечени туралы айтатын боламыз, – деді.
Иштван Сеченидің еңбектерін бүкіл әлемнің ғалымдары мен мамандары жоғары бағалайды. Бүгінде Венгрияда Иштван Сечени есімі мекемелер, бірқатар көшелер мен алаңдарға берілген. Оның есімі ең жоғарғы ғылыми марапатқа (1990 жылдан бері Мемлекеттік сыйлық Сечени сыйлығы деп аталады) ие, оның бейнесі көптеген мүсіндік туындыда сомдалған. Будапешттегі басты шынжырлы көпір де Сечени атауына ие. Ғалым өмірі жайлы 2002 жылы A Hídember («Көпір адам») атты фильм түсірілген.
Блауманн мырза өз сөзін қорыта келе, Орталық музеймен көп жылдар бойы жалғасып келе жатқан әріптестікке алғысын білдірді. Бұдан бұрын бірталай бірлескен көрмелердің өткендігін нақты мысалдармен атады.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 21:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53