24 Желтоқсан, 2016

Үздік басылымдар анықталды

616 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазіргі таңда жақсы оқулықтар тапшы. Осының орнын толтыру үшін арнайы байқау да ұйымдастырылды. Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы мен Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы бірлесіп, кеше «Жоғары оқу орындарына арналған құқық қорғау саласындағы үздік басылым» атты І халықаралық байқаудың жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады. Шараның басты мақсаты – құқық қорғау саласындағы отан­дық және шетелдік автор­лардың басылымдарына қызығушылықты ояту. Сондай-ақ, байқауды ұйым­дастырушылар мәдени ынты­мақтастық пен ғылыми байланыс­тарды нығайтуды көздепті. Жиында сөз алған Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов халық­аралық байқау еліміз Тәуелсіздігі мен прокуратура орган­дарының құрылғанына 25 жыл толуына орайластырылып жүзеге асырыл­ғанын атады. Ал кітапхана директорының орынбасары Тимур Шаймергенов, құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің білік­тілігін арттыруда кітаптың маңызы зор екенін айтты. Байқауды ұйымдастырушы комитет Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжік­стан және Ресей елдерінің ғалым­дарынан келіп түскен 300-ге жуық оқулық пен ғылыми басылымдарды жан-жақты тал­қыға салып, ішінен 11 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтағаны белгілі болды. Сондай-ақ, шара аясында Рес­публикалық ғылыми-әдістемелік кеңеске мүше жоғары оқу орын­­дары арасындағы «Құқық қор­ғау қызметі» мамандығы бо­йынша жыл сайынғы байқау қорытындысы жария етілді. Байқау ынталандыру мақсатында ұйымдастырылыпты. Және де «Үздік оқулық», «Үздік моно­графия», «Үздік доцент», «Үз­дік оқытушы» және  «Үздік жас ғалым» аталымдарында жеңім­паздар марапатталып, дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»