«Хабар 24» арнасы – тәулігіне жиырма төрт сағат ақпарат тарататын Қазақстандағы тұңғыш және бірегей арна. Жаңа маусымда телеарнада ребрендинг жүргізілген болатын. Бұл өзгерістер арнаға қалай әсер етті және болашақтағы жоспарлары жөнінде толығырақ білу үшін арна басшысы Арман СЕЙІТМАМЫТПЕН әңгімелескен едік.
– Арман Балтабайұлы, «Хабар 24» арнасының құрылғанына 4 жыл болды. Осы уақыт аралығында арнаның өз аудиториясы қалыптасып үлгерді ме? Қалай ойлайсыз?
– 4 жыл көп уақыт емес, дегенмен толығымен қалыптасып үлгерді. Біздің ұжым осы мақсатта таңның атысынан, күннің батысына дейін қызмет етіп, тәулігіне жиырма төрт сағат бойы еліміздегі және шет мемлекеттердегі жаңалықты бірінші болып жеткізіп жүр. Арнада телехикая, кино немесе концерттік жобалар көрсетілмейді, тек ақпараттық-танымдық хабарларды және жаңалықтарды ұсынамыз. Олардың барлығы жүз пайыз отандық өнім. Сонымен қатар тілшілердің алдына қойылатын міндет – жаңалықтардың шынайылығы мен жеделдігі. Ақпарат тексерілген, ешқандай бояусыз, екі жақтың да пікірі бар, журналистің жеке ойынсыз беріледі. Мұның бәрі материалдың құнды, сенімді, дәйекті болуына алып келеді. Сондықтан, көрермен біздің арнадағы жаңалықтың шындыққа негізделгеніне еш күмәнданбаса болады. Жалпы бізді көретіндер саясаттан хабары бар, қоғам өміріне белсене араласатын, жоғары білімді адамдар.
– Жоғарыда айтып кеткеніңіздей, сіздерде ойын-сауықтық бағдарламалар жоқ. Эфирдегі жобалардың барлығы экономика, бизнес, туризм сынды салаларға арналған. Мұндай хабарларға көрермен тарапынан сұраныс бар ма?
– Қазір телеарналарда «рейтинг» деген түсінік бар. Көптеген арналар жоғары рейтинг үшін таласып, саны бар, сапасы жоқ жобалардың санын көбейтті. Ал, біз рейтинг үшін қызмет етпейміз, жасап жатқан дүниелеріміз де рейтингпен өлшенбейді, бастысы – көрерменге сапалы материал ұсыну. Аудиторияның пікірін ескере отырып, жедел әрі қызықты жаңалықтар көрсетіп келеміз. Қазіргі таңда «Хабар 24» телеарнасын бүкіл қазақстандықтар тамашалайды, 8 миллионнан астам адам сайт қолданушысы, 60 миллионнан астам адам «YouTube» желісіндегі парақшамызға кірген. Тіпті, жақында ғана республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен кездескен Елбасымыздың өзі: «Хабар 24» арнасын көремін, өте жақсы канал. Ақпаратты шынайы түрде беріп отыр» деп, арнамызға оң бағасын берді. Мұнан артық не баға керек?! Бұл біздің дұрыс бағытта келе жатқанымыздың көрсеткіші.
Сонымен бірге, біздің Стратегиялық даму департаментінің қызметкерлері «Хабар 24-ке» қатысты сауалнама жүргізіп жатыр. «Біздің арнамыздан қандай бағдарлама көргіңіз келеді?», «Қандай тақырыптар қозғалуы керек?» және «Арна жүргізушілері ұсынған жаңалықтарға сенесіз бе?» деген сияқты сұрақтардың жауабы дайындалып, нәтижелері шыққан соң сараптама жасалады, болашақта сол бағытта жұмыс істейміз.
– Осы маусымда ребрендинг жүргізілді. Арнаның контентінде өзгеріс бар ма? Жаңа бағдарламаларға тоқталып кетсеңіз....
– «Хабар 24» алғашқы күннен бастап тәулік бойы жаңалықтар тарататын арна ретінде құрылды. Мақсатымыз – ақпаратты бірінші болып жеткізу. Сондықтан, бұл жылы да көп өзгеріс болған жоқ. Жоғарыда айтқанымдай, бұған дейін жаңалықтарды қалай бердік, солай беріп жүрміз. Шыншылдық, жеделдік, әділдік – бұл біздің басты талап. Жаңа маусымда тікелей көрсетілімдердің саны артты. Осы жылы біз 354 рет тікелей қосылым ұйымдастырып, жаңалықтарға 29 460 сюжет әзірледік. Орталық коммуникациялар қызметінде өтетін мемлекеттік маңызы бар іс-шара біздің арнаның тікелей эфирі арқылы көрсетіледі. Мәселен, республикамыздың барлық облыстарының әкімдерінің есебін, министрлер мен Үкімет отырыстарының қорытындысын көрермен дәл біздің арна арқылы көрді. Техникалық мүмкіндіктеріміз жақсарып, өнімдеріміздің сапасы арта түсті. Көрерменге мәдениет, спорт, туризм және экономика салаларына қатысты пайдалы ақпарат беріп келеміз. Жобаларды дайындайтын продакшн компанияларға қойылатын талаптар өзгерді. Бұрын ақпараттық-танымдық хабарларға тапсырыс берсек, қазір ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларды талап етудеміз. Мысал үшін айтсақ, «Бастау керек» бағдарламасы қосылды. Кішігірім ток-шоу жанрындағы жобаға әртүрлі кейіпкерлер келіп, өз басындағы күрделі мәселелерімен бөліседі. Студияға сол мәселеге қатысы бар сала мамандары шақырылып, түйіннің түйткілін шешуге тырысамыз. Сонымен бірге «Драйв» жобасын ұсындық. Қазіргі заманда ерлер болсын, әйелдер болсын көлікке өте қатты қызығады. Сондықтан автокөлік жайында арнайы бағдарлама ашуды жөн көрдік. Жаңа хабардың авторлары елімізде және бүкіл әлемде шығарылып жатқан автокөлік өндірісінің жаңалықтары мен даму барысы туралы сөз етеді. Бұл отандық және шетелдік көліктер туралы шынайы және кәсіби тұрғыдан жасалған шолу. Мәдени жаңалықтарды іздеген адамдар үшін «Мәдениетке саяхат» деген хабар аштық. Ұлы Даланың мәдени өмірі жанданып тұр. Сонау ықылым заманнан бастап, күні бүгінге дейін еліміздің барлық өңірлерінде ән, би, көрмелер, сан алуан қойылымдар, концерттік шаралар жиі-жиі ұйымдастырылады, соның бәрі жаңалық.
Біз көп ұлттың басын біріктіріп, бір арнаға тоғыстырған, ынтымағы мен бірлігі жарасқан мемлекетпіз. Сол ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін, бүгінгі жағдайы туралы бейнелейтін «Шаңырақ» атты жаңа жоба жарыққа шықты. Сонымен қатар, «Олимп», «Саяхат», «Заң жобасы», «Хайтек» сынды көптеген хабарлар бар. Дегенмен, тағы қайталағым келеді, біз – жаңалықтар арнасымыз. «Өмірдің өзі жаңалық» деген ұранды ұстанған арна ретінде біз үшін бірінші кезекте – жаңалықтар!
– ВВС қызметкерлері «Бір сағатқа кешіккен жаңалық жаңалық емес», – дейді. Ал сіздің журналистер қандай ұстаным бойынша жұмыс істейді?
– Елбасы айтқандай, «Хабар 24» – еліміздің басты ақпараттық арнасы. Ал, ақпарат дегеніміз не? ол – материалды дер кезінде беру, бірақ толыққанды, шынайы етіп ұсыну. Жаңалықтарда ешқашан жалған сөйлеуге болмайды. Біріншіден, тексерілмеген мәлімет беріп, көрермен сенімінен айырыласың. Екіншіден, «Айтылған сөз атылған оқпен тең» деген ата-бабамыз. біз мемлекеттік мәселелер төңірегінде сөз қозғағандықтан, әрбір сөзге жауапкершілікпен келеміз. Оқиға қайда, қашан және қалай болды, адам шығыны бар ма деген сияқты мәселелерді нақты анықтаған соң ғана, эфирге берілуі тиіс. Ақиқатты анықтау әр қалай болады, кейде бұл бір сағат уақытты алуы мүмкін, ал кейде ресми органдардан жауап күтіп қаламыз. Айтып кеткендей, тікелей эфир саны артты. Оқиға орнына тілшіміз барып, бірден халықпен байланысқа шығады. Одан артық, одан тез жұмыс істеу мүмкін емес сияқты. Сондықтан біздің ұстаным жылдамдықпен қатар шынайылық деуге болады.
– Заман талабына сай адамдар жаңалықтардың барлығын әлеуметтік желілер арқылы оқып, қарап жүр. Сіздер де бұл жағы ескерілуде ме?
– Әрине, ол жағын да ескердік. Біздің арнаның ресми сайты бар – «24.kz». Ол эфирдің айнасы сияқты, теледидарға шыққан контенттің барлығы сол жерде сақтаулы. Оның үстіне эфирге шыға бермейтін кейбір эксклюзивті материалдарды сайттан қарауға болады. Ең бастысы «Хабар 24» сайты қолдануға оңай, жаңалықтарды іздеу барысы жеңіл, оқырман үшін ыңғайлы етіп жасалған. Сондай-ақ барлық әлеуметтік желілерде парақшаларымыз бар, мобильді қосымшамыз да жұмыс істейді.
– Арнаның жұмысы, контенті туралы толық білдік. Тағы қандай мақтаныштарыңыз бар?
– Қазақстанның барлық аймақтарында арнайы тілшілер қосыны жұмыс істейді. Олар кез келген уақытта тікелей эфирге шығуға мүмкіндік беретін жылжымалы телевизиялық стансалармен қамтылған. Сонымен бірге, Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Түркия, АҚШ және Еуропа мемлекеттерінде 8 ресми тілшіміз және 5 фрилансеріміз бар. Келесі жылы қосымша 6 фрилансермен жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Мұны мақтанышпен айта аламын. Журналистеріміз өз істерінің шебері, шама-шарқы келгенше жақсы жұмыс істеп жатыр, берген тапсырманы дұрыс орындап келеді.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен
Гүлнұр ӨТЖАНҚЫЗЫ

«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?
Білім • Бүгін, 16:35
Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Білім • Бүгін, 15:58
Михаил Шайдоров: Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін
Спорт • Бүгін, 15:45
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Үкімет • Бүгін, 15:42