24 Желтоқсан, 2016

Қызмет көрсету мәселесіне арналады

140 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше елордада Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсинаның төрайымдығымен «Нұр Отан» партиясы Сайлауалды бағдарламасының «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша комиссиясының 2016 жылғы жұмыстарының қорытындысына арналған отырыс өтті. Отырысқа Парламент Мәжілісі­нің депутаттары, Ақпарат және коммуни­кациялар, Денсаулық сақтау және әлеу­меттік даму, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, ұлттық компа­ния­лар­дың және үкіметтік емес ұйымдар­дың өкілдері қатысты. Комиссия төрайымы Майра Айсинаның атап өтуінше, бағ­дар­ламалық құжаттар еліміздің аймақ­тарының дамуы мен гүлденуіне бағыт­талған. Оларды іске асыру үшін үлкен көлемде бюджет қаражаты бөлініп отыр. Отырыста Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Сол­түс­тік Қазақстан облыстарындағы комис­сиялар төрағаларының «Ақпаратты Қазақстан-2020» бағдарламасын іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы хабарламалары тыңдалды. Олар өңірлер­де мемлекеттік қызметке алу кезінде азамат­тарға кедергі болып отырған негізгі проблемаларды ортаға салды. Мәселен, Ақмола облысы орталық деңгейінде мемқызметтердің регламентін жасау, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде артық тетіктерді алып тастау үшін мемлекеттік қызметтердің реинжинирингін өткізу қажеттігі жөнінде проблема көтерді. Атырау мен Батыс Қазақстан об­лыс­тарында көліктерді тіркейтін және жүргізуші куәлігін беретін маман­дан­дырылған орталық құрылысын салу мәселесі тұр. Маңғыстау облысы кеден және салықтық басқарудағы тетік­терді оңайлатуды ұсынды. Ал Сол­түстік Қазақстан облысындағы комис­сия мүшелері ауылдарда кадрлардың жиі ауысуына, оларды даярлау мен қайта даярлау, сондай-ақ, электрон­ды Үкімет мүмкіндіктерін пайдалану бойынша ауылдық жердегі халықты ақпараттандыруды арттыру мәселесінің өзектілігіне назар аударды. Отырысқа қатысқан меморгандар өкілдері өз кезе­гін­де көтерілген мәселелерге байланыс­ты жауаптар қайтарды және жергілік­ті жерлерде қордаланған проблемалардың себептерін түсіндірді. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»