24 Желтоқсан, 2016

Бизнес ахуалды жетілдіру жөнінде кеңес өтті

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үкімет үйінде Қазақстан Рес­публикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның бизнес ахуалын әрі қарай жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кеңес барысында халықаралық сарапшылардың ұсыныстары ескеріле отырып әзірленген және Дүниежүзілік банктің «Doing Business» тізіміндегі Қазақстан позициясын жақсартуға бағытталған жаңа заң шығару баста­маларының пакеті қарастырылды. 2016 жылғы 25 қазанда жария­ланған «Doing Business» рей­тин­гі­сінің нәтижесі бойынша Қазақ­стан өз рейтингін өткен жыл­мен салыс­тырғанда 16 орынға жоға­рыла­тып, 35 орынды иеленді және Бельгия (42), Италия (50), Израиль (52), Грекия (61), Түркия (69) секілді ЭЫДҰ елдерінен жоғары орынға шықты.