24 Желтоқсан, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №729

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 24 қараша Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің  күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы №729 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы» Қазақстан Рес­пуб­­ликасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №1386 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №50, 575-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №1386 қаулы­сына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы №682 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №25, 322-құжат). 3. «Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №1386 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы №1136 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №65, 605-құжат).