24 Желтоқсан, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №731 

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 24 қараша Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Трафикті өткізу мен өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу және олардың өзара әрекеттестігі қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1694 және «Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесін бекіту туралы» 2012 жылғы 22 қазандағы №1333 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Трафикті өткізу мен өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу және олардың өзара әрекеттестігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1694 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №16, 263-құжат); 2) «Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қазандағы №1333 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №75-76, 1097-құжат). 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ