24 Желтоқсан, 2016

Үкіметте Астананың инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Астананың инфрақұрылымдық дамуына байланысты мәжіліс өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. Мәжіліс барысында жол-көлік инфрақұрылымына қатысты мәселелер, Есіл өзенінің жағалауын қайта жөндеу, тазалық қызметтерінің жұмысы, жаңбыр суларын жіберетін кәріздерге, жылу магистралі мен елорданың туристік тартымдылығына қатысты жәйттер сөз болды. Мәжіліс барысында Астананы дамыту бойынша Мемлекет басшысы алдыға қойған тапсырмалардың орындалу барысына ерекше назар аударылды.