24 Желтоқсан, 2016

Сағынтаев бизнеске жағдай жасау жөнінде кеңес өткізді

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның бизнес ахуалын әрі қарай жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz. Кеңес барысында халықаралық сарапшылардың ұсыныстарының негізінде әзірленген және Дүниежүзілік банктің «Doing Business» тізіміндегі Қазақстан позициясын жақсартуға бағытталған жаңа заң шығару бастамаларының пакеті қарастырылды. Айта кетейік, 2016 жылғы 25 қазанда жарияланған «Doing Business» рейтингісінің нәтижесі бойынша Қазақстан өткен жылғымен салыстырғанда өз рейтингісін 16 орынға жоғарылатып, 35 орынды иеленді және Бельгия (42), Италия (50), Израиль (52), Грекия (61), Түркия (69) секілді ЭЫДҰ елдерінен жоғары орынға шықты.