24 Желтоқсан, 2016

Ерлан Ыдырысов Өзбекстан президентімен кездесті

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана мен Ташкент Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі мәселесінде өзара тығыз әрекеттесуге уағдаласты, деп хабарлайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі. 23 желтоқсан күні ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ташкентке жасаған жұмыс сапары барысында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қабылдауында болып, өзбекстандық әріптесі Абдулазиз Камиловпен келіссөздер өткізді. «Өзбекстандағы президенттік сайлаудан кейін осынау жоғары деңгейде екіжақты қарым-қатынастар үшін алғашқы болған кездесулердің негізгі тақырыптары екіжақты қарым-қатынасты белсендіру және Орталық Азия өңірінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатерлерге бірлесіп төтеп беру болды», - делінген СІМ хабарламасында.