24 Желтоқсан, 2016

Трамп пен Путиннің ойлары бір жерден шығып жатыр

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннен жағымды хат алғаны туралы айтты, деп хабарлайды BBC.

"Путиннен хат алғаным мен үшін қуаныш. Ол дұрыс ойлайтын адам," - деді Трамп 15 желтоқсандағы Жолдауында.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та Кремльдің Ақ үйге жаңа жылмен құттықтап хат жазғанын растады.

Ертеректе Трамп қос елдің жарыса қарулануынан қорықпайтынын айтқан.

"Екі ел де қаруларын дамыта берсін. Біз бәрібір озып кетеміз," - деген еді Трамп.

Соның артынша ол АҚШ-тың ядролық әлеуетін көтеру керектігін айтқан болатын.

Ақ үйдің баспасөз хатшылығы Трамптың бұл мәлімдемесіне түсіндірме бере отырып, АҚШ-тың ешқашан да біреудің қарулануын жауапсыз қалдырмайтынын айтқан.

Владимир Путин бұл тұрғыда Трамптың мәлімдемесіне сырттай жауап берді. Кеше журналистерге берген баспасөз конференциясы барысында BBC журналисіне АҚШ-тың бұл тұрғыда ешқандай да жаңаша қадамға барып жатпағанын айтты.

"Трамп өзінің сайлауалды бағдарламасында да ядролық қаруды көбейту керектігін айтқан. Мұнда тұрған ешқандай жаңалық жоқ. Баяғыдан бері қос елде осындай бәсекелестік бар. Бұл қалыпты нәрсе", - деген еді Путин.