24 Желтоқсан, 2016

Астанада халықаралық каратэ турнирі басталды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстаның ең үздік каратэшілері Астанаға жиналып, өзара мықтыны анықтауға кірісті, деп хабарлайды Хабар24. Киокушинкай-кан каратэден халықаралық турнир барлық жас деңгейі бойынша ұйымдастырылған. Яғни балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер бәсекесі болады. Сонымен қатар, федерация жылды қорытындылап, ең үздік спортшылар мен бапкерлерді де бүгін марапаттамақ. Жалпы 2016 жыл каратэшілеріміз үшін айтарлықтай жемісті болды. Құрлықтық және әлемдік додалардан рекордттық деңгейдегі медальдар әкелінді.