25 Желтоқсан, 2016

Елордада жедел жәрдем күніне 800-ден астам шақырылады

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астананың «жедел жәрдем» қызметіне жылына 3 мыңнан астам шақырту келеді. ЖРВИ-мен (жіті респираторлы вирусты инфекция) ауыратындар саны толастамай отыр, деп хабарлады ҚазАқпарат. Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының 23 желтоқсандағы мәліметтері бойынша, «жедел жәрдем» қызметіне жүгінген 3220 адамның 742-сі ЖРВИ-ге шалдыққандарын айтқан. «23 желтоқсандағы жағдай бойынша, «жедел жәрдем» қызметіне 3320 адам қайырылған, 1959 рет шақырту жолдаған. ЖРВИ саны - 742, олардың арасында: 1 жасқа дейінгі балалар - 112, ауруханаға жатқызылғаны - 8, 18 жасқа дейінгілер - 428, ауруханаға жатқызылғандары - 18, ересектер - 202, ауруханаға жатқызылғандары -20»,-деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы. Айта кетейік, өткен аптада тұмау жұқтырғандар санының шарықтау шегі 19-20 желтоқсанға келді. Ол кезде «жедел жәрдем» қызметіне жүгінгендер саны 800-ден асты. Медицина қызметкерлеріне қала емханаларынан қосымша мамандар тартылып, күшейтілген режімде жұмыс істеді.