25 Желтоқсан, 2016

Заңсыз шырша кескендер қылмыстық жауапқа тартылады

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тәртіп сақшылары 42 жастағы азаматты ұстады. Ол Тянь-Шань тауларының 20 шыршасын заңсыз алып бара жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өңірде Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қылқанжапырақты ағаштарды кесу әрекеттерінің алдын алу мақсатында «Шырша» атты жедел шара ұйымдастырылды. Осы шараның аясында орман шаруашылықтары мен қорықтарында 64 арнайы жедел топтар жұмыс істеуде. Олардың құрамында тәртіп сақшылары мен табиғатты қорғау қызметінің өкілдері бар. «Орман шаруашылықтары, саябақтар, базарлар мен сауда орындары, яғни заңсыз кесілген ағаштар саудалануы мүмкін орындар да тексеріліп жатыр. Соңғы рейд барысында Көлсай шатқалының маңында Тянь-Шянь тауларының 20 шыршасы тиелген жүк көлігі ұсталды. Көліктің жүргізушісі ағаштарды кесуге рұқсат беретін қандай да бір құжаттарды көрсете алмады. Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетке келген шығын 336 000 теңгені құрап отыр»,-деп хабарлады ІІД-нің табиғатты қорғау қызметі. Екі аптаның ішінде өңірде табиғатты қорғау заңдарын бұзу әрекеттерінің 25 фактісі анықталды. Олардың 8-і экологиялық қылмыстар санатына жатады.