25 Желтоқсан, 2016

Орал қаласының бюджеті бекітілді

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Орал қалалық мәслихатының кезекті ІХ сессиясында шаһардың 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Бибігүл Ниетқалиеваның мәлім еткеніндей, 2017 жылға 21 млрд 887,584 млн теңге, 2018 жылға 20 млрд 776,991 млн теңге, 2019 жылға 21 млрд 355,237 млн теңге қаралды. Алдағы жыл еншісіндегі қаржының 2 408,9 млн теңгесі республикалық және облыстық трансферттер болса, 19 478,7 млн теңгесі - қалалық бюджеттің өз кірісі. Осының 3 млрд 49,153 млн теңгесі еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісі бойынша жалақы төлеуге және ай сайынғы үстемеақы төлеміне, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің еңбекақысын көтеруге бағытталмақ. Білім саласына 10 млрд 452 млн теңге, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне 465 млн теңге, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 1,3 млрд теңге, дене шынықтыру мен спортқа 250 млн теңге, ішкі саясатқа 52 млн теңге, қаржы бөліміне 502,9 млн теңге, малдәрігерлік бөліміне 41,6 млн теңге жұмсалмақ. Құрылыс саласына 1,8 млрд теңге бөлініп, ол жаңа үш үйдің жобалау-сметалық құжаттамасын жасауға, басқа да жұмыстарға кетпек. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне де қажетті қаржы беріліп отыр.