25 Желтоқсан, 2016

РФ Қорғаныс министрлігінің ұшағы апатқа ұшырады

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
РФ Қорғаныс министрлігінің Сочи маңында жоғалған Ту-154 ұшағы Қара теңіз жағасынан 1,5 шақырым қашықтыққа құлаған, деп хабарлайды РИА Новости қарулы күштер дереккөзіне сілтеме жасап. «Қара теңіз жағасынан 1,5 шақырым қашықтықта ұшақтың сынықтары табылды», - деп мәлімдеген агенттіктің дереккөзі. Жағадан бес жарым қашықтықта ұшақтағы адамдардың жеке заттары табылды. Апаттан кейін ұшу ережелерінің сақталмауы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ту-154 Адлер аэродромынан ұшып шыққан соң радардан жоғалып кеткен. Бортта 83 жолаушы, соның ішінде Александров атындағы ансамбль әртістері мен ресейлік БАҚ-тың тоғыз өкілі және экипаждың 8 мүшесі болған.