Британдық боксшы Крис кіші-Юбэнк (23-1, 18 КО) iFL TV-ге берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) болатын жекпе-жектің неліктен бұзылғанын айтты, деп хабарлайды Sports.kz. Сұхбат барысында ол келесі жылы Головкинмен бокстасатынына үміттенетінін айтыпты.
«Эдди Хирн бұл жағдайдан оңай шығудың жолын тапты - айқасты Келл Брукке берді. Біз Головкинмен болатын жекпе-жектің келіссөздерін жүргіздік және ол аяқталуға жақын қалып еді. Алайда, біз ұсынылған дүниенің барлығына келісе беретіндердің қатарынан емеспіз. Біз өзімізге лайық шарттар орындалса ғана айқасамыз. Келл болса Эддидің ұсыныстарының барлығына келіседі. Адамдар менен «Головкинмен жекпе-жектің болмағаны үшін қынжыласың ба?» деп сұрайды. Бұл жіберіп алынған мүмкіндік, бірақ себепсіз ештеңе болмайды. Біз әлі де айқасты ұйымдастыра аламыз және ол 2017 жылы өтеді деп үміттенемін», - деп келтіреді Юбэнктің сөзін.