25 Желтоқсан, 2016

Қызылорда облысында транспорттық медицина дамуда

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қызылорда облысында елді-мекендердегі жергілікті тұрғындарға мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында транспорттық медицина жұмысы ұйымдастырылды. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады. - 2016 жылдың 10 айында 125  елді-мекенге жылжымалы медициналық кешендер шығып, 30678 адамның денсаулығы тексерілді. Оның скринингпен қамтылғаны 51,7%-ды құрайды. Нәтижесінде 6894 науқас анықталып, оның 5145-нің емделуіне жағдай жасалды,- деді басқарма басшысы. 2016 жылдың 10 айында санитарлық авиацияға шақыртулар саны 27,5%-ға артты. Оның ішінде 34,6%-ы тасымалданып, 35,3%-і кеңес алды және 21,7%-ына  ота жасалынды.