25 Желтоқсан, 2016

Назарбаев Путинмен кездеседі

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Назарбаев, Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездеседі, - деп хабарлайды ФАН Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сілтеме жасап. Песковтың айтуынша, Путин мен Назарбаев екі ел арасындағы және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар, екі елдің мемлекет басшылары бірнеше нысанды аралайды. Дүйсенбіде Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ саммитіне және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының отырысына қатысады. b2050f20a0cfce35ab6faacdf2789e10 Естеріңізге сала кетсек, Назарбаев Санкт-Петербург қаласына 24 желтоқсанда ұшып барған. Пулково әуежайында оны Санкт-Петербург губернаторы Георгий Полтавченко және РФ Президентінің уәкілетті өкілі Николай Цуканов күтіп алды.