25 Желтоқсан, 2016

Александров ансамблі, Доктор Лиза. Құлаған ұшақта кімдер болды?

249 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Ресей Қорғаныс министрлігің Сочиден ұшқан Ту-154 ұшағы радарлардан жоғалып кетті. Кейін ұшақтың апатқа ұшырап, Қара таңізге құлағаны белгілі болды.

Александров ансамблі, Доктор Лиза. Құлаған ұшақта кімдер болды?

Министрліктің хабарлауынша, онда сегіз экипаж мүшесі мен 84 жолаушы болған. Олардың арасында әскерилермен қатар Александров ансамблі, "Бірінші арна", "Звезда" және НТВ телеарналарының журналистері де бар. "Ту-154 ұшағында Ресейдің Қарулы күшінің әскери қызметкерлерімен қатар Жаңа жылмен құттықтау үшін Сирияның "Хмеймим" әуе базасына бара жатқан Александров ансамблі, ресейлік БАҚ-тың тоғыз өкілі болған", дейді РФ Қорғаныс министрлігі. Сонымен қатар, министрлік таратқан хабарламада ұшақ апатынан тірі қалғандар жоқ екені айтылған.

Александров ансамблі туралы не білеміз?

ansambl_rossiyskoy_armii_imeni_aleksandrova

Ресей әскерінің А.В.Александров атындағы ән және би ансамблі - Ресейдің ең ірі шығармашылық ұжымы. Ол 1928 жылы 12 қазанда құрылған. Содан бері ансамбль құрамы да, атауы да бірнеше рет өзгерді.

Алғашында 12 адамдық болған ұжымның құрамы 1937 жылы 274 адамға жеткен. 1948 жылы 313 болса, қазір 186 адамнан тұрады. Ал ұшаққа музыканттардың 68-і мінген. Соңғы мәліметтер бойынша, ансамбльдің көркемдік жетекшісі Валерий Халилов та ұшақта болған.

bez-nazvaniya-2

Александров ансамблі 1935 жылы 27 қарашадан бастап М.В Фрунзе атындағы Қызыл әскер Орталық үйінің әскери әндер ансамблі деп аталған. 1949 жылдан бастап оның негізін салушысы А.В.Александров құрметіне атала бастаған. А.В.Александров атындағы Кеңес Әскерінің ән және би ансамблі 1978 жылы елу жылдығы қарсаңында ең жоғары кәсіби аттестациядан өтіп, академиялық деген атау алды. 1998 жылдан бастап Ресей әскерінің А.В. Александров атындағы ән және би академиялық ансамблі деп атала бастады.

Доктор Лиза кім?

df8861a8a46cb3916579013453190181

"Әділ көмек" ("Справедливая помощь") қорының жетекшісі Глинка Елизавета Петровнаның ұшақта болғаны тек апатқа ұшырағандардың толық тізімі жарияланғанда ғана белгілі болды. Доктор Лиза атанып кеткен Елизавета Глинка Ресей президенті жанындағы Азаматтық қоғам мен адам құқығын дамыту кеңесінің мүшесі, Ресейге белгілі филантроп, мамандығы - дәрігер-реаниматолог.

Доктор Лиза 2007 жылы "Әділ көмек" қайырымдылық қорын құрды. Бұл қор онкологиялық және басқа да ауыр науқасқа шалдыққан, тұрмысы нашар адамдарға, үйсіздерге материалдық қолдау мен дәрігерлік көмек көрсетеді. Қор еріктілері апта сайын мұқтаж жандарға тамақ, дәрі-дәрмек таратып, тегін медициналық және заңгерлік көмек көрсетеді.

2009 жылы РЕН-ТВ Елизавета Глинка туралы "Доктор Лиза" атты деректі фильм түсірді. Ал биыл 8 желтоқсанда Елизавета Глинка құқық қорғау қызметіндегі ерекше жетістіктері үшін Мемлекеттік сыйлық лауреаты атанған болатын.

 Журналистерден кімдер болды?

НТВ телеарнасынан ұшақта корреспондент Михаил Лужецкий, оператор Олег Пестов, дыбыс операторы Евгений Толстов болған.

tol_vs

"Бірінші арнаның" баспасөз қызметі апатқа ұшыраған ұшақта үш қызметкері болғанын хабарлады. Олар: арна тілшісі Дмитрий Рунков, оператор Вадим Денисов, дыбыс операторы Александр Сойдов.

znakcom-1133623-638x319

Бұлардан бөлек бортта «Звезда» телеарнасының тілшісі Павел Обухов, оператор Александр Суранов, оператордың көмекшісі Валерий Ржевский болған.

2-z51-84416da4-6903-4f27-9c48-4bee5f58cf66

Дайындаған Гүлнұр Қуанышбекқызы,

"Егемен Қазақстан"