25 Желтоқсан, 2016

26 желтоқсан Ресейде аза тұту күні деп жарияланды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ту-154 ұшағының апатқа ұшырап, жолаушылардың қаза болуына байланысты 26 желтоқсан Ресейде жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды, деді Ресей президенті Владимир Путин. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады. Президент ұшақ апатына байланысты жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілетінін айтты. "Апаттың себептері толығымен анықталатын болады. Ол үшін барлық күшімізді жұмсап, қаза тапқандардың отбасына қолдау көрсетуге дайынбыз", деді президент. Сонымен қатар ол өз сөзінде аталған жұмыстарға байланысты көлік министрі басқаратын комиссия құруды тапсырғанын жеткізді. Естеріңізге сала кетсек, Ту-154 ұшағы апатқа ұшырап, 92 адам қаза тапқан болатын.